Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепті 8 жасында бітірген данышпан бала енді ЖОО-на түспек

Мектепті 8 жасында бітірген данышпан бала енді ЖОО-на түспек

8 жастағы бельгиялық оқушы Лоран Симон орта мектепті бітіріп, 6 жылға арналған курсты 1 жарым жылда оқып шықты.

Баланың анасы – голландық, әкесі – бельгиялық. Лоранның интеллектуалдық даму көрсеткіші 145 пунктіні көрсетеді. Ол 17 жастағы сыныптастарымен бірге мектеп бітіру дипломын алды.
Лоранның сүйікті пәні – математика. Енді жазғы демалысы аяқталысымен ЖОО-на түспек. Әкесі ұлының бельгиялық не голландиялық оқу орнына түсетінін айтады. Оқушыны әлемдегі жоғары деңгейдегі үздік мектептер шақырып жатыр.
Баланың өзі қандай мамандықты игеретінін әлі шешкен жоқ. Ата-анасы оның математика не физиканы таңдайтыныны сенімді.
Лоран Амстердамдағы гимназияға 6 жасында барған. Соңғы айда математиканы тереңдете оқыды. Бос уақытында математикалық есептер шығарады. Медициналық кітаптар оқығанды жақсы көреді. Бір кездері хирург немесе астроном болуды қалаған. Қазір компьютерлік ғылым саласы қызықтырады.
«Ұлымызды мақтан етеміз. Оған мектептегі кейбір формалды дәрістерді оқуы керек болды. Әйтпесе, мектепті бұдан да ерте жасында бітіретін еді», – дейді әкесі.
«Егер ол ертең ұста болам десе де, қарсы болмаймыз. Бастысы,бақытты болса екен», – дейді ата-анасы.

Stan.kz
02 шілде 2018 ж. 1 492 0