Әкесі ұрлап кеткен: Испанияда бір жарым айдан бері іздеуде болған қыздың өлі денесі табылды
Испанияда өткен бейсенбіде Тенериф аралының маңындағы теңізден алты жасар Оливия Химено-Циммерманның денесі табылғаннан кейін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы жаппай наразылық акциялары өтті. Екі баланың өліміне әкесі күдітеліп отыр.
Жүздеген демонстранттар, негізінен әйелдер мен балалар, жазықсыз құрбан болғандарды еске алу үшін қуыршақтар мен жұмсақ ойыншықтарын алып шықты.
Премьер-министр Педро Санчес бүкіл елдің күйзеліске ұшырағанын айтты.
Тергеушінің айтуынша, қылмыскердің өзі де қазір тірі емес болуы мүмкін. Томас Химено мен Беатрис Циммерман жасөспірім кезінен бастап кездесіп, пандемия кезінде ажырасқан. Екеуі де жаңа көңілдес тапты, бірақ Томас бұрынғы сүйіктісін үнемі қорқытып, жаңа хабарламаларын жіберіп отырған.
Балалар 27 сәуірде әкелері алып кеткеннен кейін жоғалып кетті. Ол Беатриске қыздарды алып кеткенін, енді ол оларды ешқашан көрмейтінін айтқан.
Сенбі күні бұқаралық ақпарат құралдары таратқан тоғыз беттен тұратын сот тергеушісінің хабарламасында 37 жастағы Хименоның кісі өлтіруді әдейі қасақана жасағандығы айтылған. Ол ата-анасына автокөлік кілттерін, ПИН-кодтары бар банк карталарын және итін табыстап кеткен. Ал жаңа сүйіктісіне - 7500 доллар қолма-қол ақша мен қоштасу хатын қалдырған.
Ол өз үйінде қыздарын өлтіріп, мәйіттерді қайықпен теңізге шығарып, суға батырды деген болжам бар.
Оливия Химено-Циммерманның денесі 44 күндік іздеуден кейін 1000 метр тереңдікте, ауыр якорьға байланған сөмкеден табылды. Сонымен қатар, якорьға тағы бір сөмке бекітілген, бірақ ол бос болып шықты. Өткен жексенбіде қайтыс болған қыздардың анасы ашық хат жариялады.
"Өз балаларыңды өлтіру - бұл адам жасай алатын ең ауыр қылмыс. Маған бұл туралы хабарлаған кезде жаным бір сәтте өшіп қалғандай болды. Өйткені мен ол жерде болмадым және оларды құтқара алмадым. Ең болмағанда балаларымның қайтыс болғанын біліп, мен оларды жоқтай аламадым. Томас менің оларды өмірімнің соңына дейін іздегенімді қалады", - деп жазды ол.
stan.kz