Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда аю төрт адамды жаралады

Жапонияда аю төрт адамды жаралады

Жапонияның Саппоро қаласына қоңыр аю кіріп кетіп, 4 адамды жаралады. Жыртқыш алдымен екі қарт кісі мен жасы 40-тар шамасындағы бір ер адамға шапқан. 

Осыдан кейін оқиға орынынан ізім-қайым жоғалып, таң ата жаяу әскер лагеріне кіріп, тағы бір жауынгерге тарпа бас салған. Полиция аюдың ізіне түсіп, оны атып өлтірді. Жергілікті билік қалада қоңыр аюдың пайда болғанына аң-таң. 
Себебі бұл жыртқыштар әдетте осы елдің Хоккайдо префектурасының орманында мекен етіп, тек азық іздеген кезде ғана жақын елді мекендерде көрінеді екен.

19 маусым 2021 ж. 434 0