Берлинде Ливияға арналған халықаралық конференция басталды
Ливия бойынша екінші Берлин конференциясы 23 маусымда БҰҰ мен Германияның қолдауымен халықаралық ойыншылардың, оның ішінде Түркияның қатысуымен өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Конференцияда Ливиядағы саяси үдерістер мен осы елде 24 желтоқсанда өтетін сайлау талқыланады.
Ливияда саяси реттеу жолдарын іздеу мақсатында шақырылған бірінші Берлин конференциясы 2020 жылы 19 қаңтарда өтті.
Екінші Берлин конференциясына Ливия президенттік кеңесінің басшысы Мұхаммед әл-Менфи мен премьер-министр Абдулхамид Дибейбе, БҰҰ-ның Ливиядағы арнайы өкілі Ян Кубиш және Ливиядағы жанжалды шешу процесіне қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері қатысады.
Пікір 1