Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 шілдеден бастап Токиода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізіледі

12 шілдеден бастап Токиода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізіледі

Жапония үкіметі Токиода 12 шілде мен 22 тамыз аралығында коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдайды енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі орталық штабтың қызметін үйлестіретін Жапонияның экономикалық қалпына келтіру министрі Ясутоши Нишимура журналистерге бейсенбіде сараптама комиссиясының отырысында айтты.
«Токиода инфекциялар санының көбею тенденциясы жалғасуда, бұған қоса, дельта штамы таралуда. Сондықтан инфекцияны болдырмау және денсаулық сақтау жүйесін қорғау үшін біз 12 шілде мен 22 тамыз аралығында төтенше жағдай режимін енгіземіз», – деді ол .
Осылайша, төтенше режим Токиода Жапония астанасында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде жұмыс істейді.
Нишимура сонымен қатар осы мерзімге министрлер кабинеті Окинаваның оңтүстік префектурасында төтенше жағдай режимін енгізіп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Чиба, Сайтама және Канагава шығыс префектураларында, сондай-ақ батыс Осакада инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген шаралар 22 тамызға дейін ұзартылды.

kyzylorda-news.kz
08 шілде 2021 ж. 374 0