Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қайтадан төтенше жағдай енгізілетіні рас па?

Елімізде қайтадан төтенше жағдай енгізілетіні рас па?

Елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews порталы.
"Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.
Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.
"Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме түскен кезде қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданады", – деді ол.

sn.kz
30 сәуір 2021 ж. 341 0