Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізіле ме? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай соны талап етсе, енгізіледі. Бірақ қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтаймыз деп үміттенеміз. Әр азамат маска тағып, арақашықтық сақтап, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмай, коронавирустың таралмауына ат салысса, карантин енгізілмейді», – деді Цой ОКҚ брифингінде.
kyzylorda-news.kz​​​
14 қазан 2020 ж. 388 0