Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің әр өңірінде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды

Еліміздің әр өңірінде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды

  kyzylorda-news.kz Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020_kz Telegram парақшасында жарияланды.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған.
Ал Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді.
Сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады.
Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымға дейін созылады.
13 мамыр 2020 ж. 481 0