Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде 3,1 млрд астам адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды

Әлемде 3,1 млрд астам адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды

Әлемде 3,1 млрд астам адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды
Әлемде 3 миллиард 100 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл ересек тұрғындардың шамамен 50 проценті. Оның ішінде 885 миллион тұрғын толық екпе алған. Бұл мәліметті Джон Хопкинс университеті жариялады. Ал ковидтен көз жұмғандар саны 4 миллионнан асты. Ең көп өлім-жітім АҚШ-та тіркелген. Одан кейін Бразилия. Ал қауіпті дельта штамын таратқан Үндістан үштікті түйіндейді.

БАӘ коронавирусқа қарсы вакцина салынған әлемдегі жетекші ел атанды
Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша әлемдегі жетекші ел атанды. Халықты иммундау бойынша Біріккен Араб Әмірліктері бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта БАӘ 15,5 миллион доза екпе егілген. Елдегі 10 миллион халықтың 72 пайызы қамтылған. Екінші орында Сейшел аралдары, мұнда халықтың 71,7% вакцинацияланған.
Сонымен қатар Португалияның туристік архипелагы саналатын Мадейра вакцинациядан өткен кез келген елдің азаматтарына кіруге мүмкіндік берді. Архипелаг билігі Еуропалық агенттік бекіткен тізімдегі екпені ғана емес, кез келген вакцина түрін салдырған азаматтарды емін-еркін қабылдайтынын атап өтті.
Ғалымдар дәрігер мен науқастың сөйлесуін жеңілдететін құрылғы ойлап тапты
Британиялық ғалымдар дәрігерлердің бір-бірімен және науқастармен сөйлесуіне мүмкіндік тудыратын құрылғы ойлап тапты. Бұл құрал дәрігердің дауысын бірнеше есе зорайтып, маңызды ақпаратты тез және кедергісіз жеткізуге жол ашады. Жаңа құрылғыны жасауға «Формула 1» жарыс көлігінің инженерлері қатысқан. Олар бетперде мен тығыз қорғаныс киімін кигенде, құралдың ішіне шағын микрофон орнатып, ақырын дауыспен-ақ сөйлесуге мүмкіндік жасады.

Эстонияда өздігінен жүретін автобус пайда болды
Эстонияның Тарту қаласында жүргізушіні қажет етпейтін, өздігінен жүретін автобус пайда болды. Қоғамдық көліктің тағы бір ерекшелігі сутегімен қозғалады. Автобуста 6 жолаушы отырады. Оны жергілікті Тарту университеті мен өздігінен жүретін көлік құрастыратын компания бірлесіп жасаған. Авторлардың айтуынша, автобус бар болғаны 2 минуттың ішінде толық қуатталады. Заманауи техниканы қоғамдық көлік қатарына қосу рәсіміне президент Керсти Кальюлайдтың өзі қатысты.


(Интернет желісінен алынды)

10 шілде 2021 ж. 274 0