Түрікменстан Президенті жаңа кемемен Каспий теңізінде саяхаттады

Бұл туралы «Түрікменстан: Алтын ғасыр» басылымы хабарлаған.
Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында жасалған «Рахат» жолаушылар кемесі туристерге арналған. Кеменің ұзындығы 33 метр және 100 теңіз милін құрайтын круиздік диапазоны бар. Сондай-ақ жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, кемедегі сапар кезінде Түрікменстан басшысы үкімет мүшелерімен Каспий теңізінің түркімен жағалауын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.