Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Африканың оңтүстігінде қар жауды

Африканың оңтүстігінде қар жауды

Оңтүстік Африканың орталық бөлігінде төмен температураның рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Оңтүстік Африка Республикасының метеорологиялық қызметі Twitter-ге жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Известияға» сілтеме жасап.

24 шілдеге қараған түні елдің 19 ауданында ең төменгі температураның тарихи көрсеткіші тіркелді. Кимберли қаласы мен оған жақын аудандарда термометрлер минус 9,9 градусқа дейін төмендеді. Синоптиктердің мәліметінше, метеорологиялық бақылаулардың бүкіл кезеңінде мұндай төмен температура әлі болған жоқ.
Йоханнесбургте ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендеді. Аяздың алдыңғы рекорды 1995 жылдың 19 шілдесінде, минус 6,3 градусқа дейін салқындаған кезде тіркелді.
Синоптиктердің айтуынша, көптеген жылдар бойы Оңтүстік Африканың әртүрлі бөліктерінде алғаш рет қар жауып, көлік жолдары мұздануға байланысты жабылды.
Қазіргі аяз Африканың оңтүстігіне Антарктикадан келді деген болжам бар. Елдегі аяз тағы бір аптаға созылады деп күтілуде.
25 шілде 2021 ж. 359 0