Сәуірде күн 30 градусқа дейін жылынады

Орталықтың мәліметінше, сәуір айының ішінде барикалық құрылымдардың жиі ауысуына және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, екпінді жел және температураның ауытқуы күтіледі.
Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны еліміздің солтүстік бөлігінде түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С, оңтүстік бөлігінде түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С құрайды. Онкүндіктің ортасында Ресейдің еуропалық аумақтарынан антициклонның кіруіне байланысты ауа температурасы елдің солтүстік бөлігінде түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз +2+10°C-қа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, қиыр оңтүстігінде +22°С-қа дейін төмендейді.
Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі суыту толқыны күтіледі. Осылайша, елдің солтүстік бөлігінде түнде -3 +7°С-қа, күндіз +2+13°С-қа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде 0, +10°С-қа, күндіз + 12 +22°С-қа дейін төмендейді. Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массасына байланысты күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін көтеріледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік маман жылы ауа райынан коронавирус өледі деген пікірді жоққа шығарған болатын.
https://kaz.nur.kz/