Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі тікұшақ жіберді

Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетте аялдап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді.
Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды.«Біздің құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі үйлестіреді.
Сондай-ақ, Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады», деді ресми өкіл.
egemen.kz