Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда қанша қазақстандық бар? СІМ жауап берді

Ауғанстанда қанша қазақстандық бар? СІМ жауап берді

Ауғанстанда дипломаттардан басқа Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент мәліметінше, Ауғанстанда Қазақстан азаматтары жоқ, бәрі қазірдің өзінде елден кеткен.
Бұл ретте Қазақстан Елшілігі Кабулда жұмысын жалғастырып жатыр. Елші мен қызметкерлер елде қалады.
Айта кетейік, «Талибан» содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті қолына алды. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани елден кетті.
Талибан қозғалысына Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған.
16 тамыз 2021 ж. 497 0