Сіз білесіз бе?
Бүгін біз әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтар туралы аз-кем ақпарат беретін боламыз.
*Ұзындығы 6400 шақырым Амазонка өзенінің үстінен бірде-бір көпір салынбаған.
*LEGO әлемдегі кез келген дөңгелек өндіретін компаниялардан да көп дөңгелек шығарады.
*Әр ананастың өсіп, пісуіне шамамен 2 жыл қажет.
*Адидас пен Пуманың негізін қалаушылар ағайынды Адольф пен Рудольф Дасслер болды. Екі компанияның Германиядағы штаб-пәтері көршілес ғимараттарда қатар орналасқан.
*Жердегі барлық құмырсқалардың жалпы салмағы планетадағы барлық адамдардың салмағынан ауыр.
*Франция – азық-түлік өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ете алатын Еуропадағы жалғыз ғана ел.
*Алғашқы киттердің "арғы аталары" құрлықта өмір сүрген орта мөлшердегі сүтқоректілер болған.
*Вильнюсте (Литва) өзін тәуелсіз республика деп жариялаған Ужупис шағын ауданы бар. Осы бір республиканың өз туы, өз теңгесі, президенті, министрлер кабинеті, тіпті, 11 адамнан тұратын әскері бар.
*Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.
*Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады.
*Жер бетінде 70 пайыздан астам тірі тіршілікті бактериялар құрайды.
*Піл – 4 тізесі бар жалғыз жануар.
*Моцарт 3 жасынан бастап музыка жаза бастаған.
*Суық мезгілде адам тырнағы екі есе тез өседі.
*Алма пюресі – ғарышкерлер ғарышта тұтынған алғашқы тағам.
*Алып пандалар күніне шамамен 12,7 келі бамбук тұтынады. Демек олардың әрбірі жылына 5 тоннадан астам бамбук жейді.
*Мысық тәтті нәрсенің дәмін тата алмайды.
*Кенгуру артқа қарай жүре алмайды.
*Теңіз мысықтары ырғақты сезіне алады. Олар – шапалақ ұратын жалғыз жануарлар.
*Ұйықтағанда иіс сезе алмайсыз, тіпті жағымсыз иісті де.
*Үйректерден қорқу – "анатидатефобия" деп аталады.
*Ешкінің көз қарашығы тік бұрышты.
*Құстар ғарышта өмір сүре алмайды. Себебі оларға тамақ жеуі үшін тартылыс күші қажет.
(Интернет желісінен алынды)