Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанды кімдер басқаратыны белгілі болды

Ауғанстанды кімдер басқаратыны белгілі болды

«Талибан» радикалды қозғалысының басшылығы Ауғанстанды басқару үшін кеңес құруға ниетті, оған 12 адам, оның ішінде елдің бұрынғы Үкіметінің кейбір мүшелері кіруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Foreign Policy сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметтеріне сәйкес, «Талибан» саяси қанатының жетекшісі Абдул Ғани Барадар мен әскери комиссиясының жетекшісі Моулави Якуб, қозғалыстың негізін қалаушы молла Омардың ұлы, сондай-ақ «Хаккани желісі» диверсиялық тобының жетекшісі Сиражуддин Хаккани кеңестегі ең ықпалды үш адам болуы мүмкін.
Басылымның хабарлауынша, тәлібтер Ауғанстанда президент немесе басқа жеке көшбасшы лауазымын қалпына келтіргісі келмейді. Сонымен бірге олар АҚШ қолдаған бұрынғы үкіметтің кейбір мүшелеріне жаңа кабинетте министрлік лауазымдарды ұсынуға ниетті. Осылайша, олар халықаралық қауымдастықта танылу мүмкіндігін арттыру үшін мүмкіндігінше инклюзивті болып көрінетін үкімет құрғысы келеді.
25 тамыз 2021 ж. 633 0