Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гвинеяда ел президенті тұтқынға алынды

Гвинеяда ел президенті тұтқынға алынды

Жексенбі күні Гвинея Республикасында мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалғаны туралы Jeune Afrique журналы өз порталында жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.


Мұның алдында Reuters агенттігі қолында қаруы бар әскерилер Гвинея астанасы Конакридегі президент сарайының алдында тұрғанын хабарлаған болатын. Президент сарайы орналасқан Конакридің солтүстігінен үкімет кварталына дейін қаланың оңтүстігіне апаратын жалғыз тас жолды жауынгерлер жауып тастаған. Жоғары лауазымдағы шенеунік агенттікке Гвинея президенті Альфа Конде аман екенін айтты. 
Ал бұған дейін Agence France-Presse жексенбі күні Конакри қаласының үкіметтік кварталында атыс болып, автоматтан дүркін дүркін оқ атылғанын хабарлаған болатын. Көптеген сарбаз көшеде жүр. Олар өтіп бара жатқандардан тез арада үйлеріне қайтуды және сыртқа шықпауды талап етуде.

baq.kz
06 қыркүйек 2021 ж. 339 0