Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әлем халықтары ұстанатын ең қызықты той дәстүрлері қандай екенін білесіз бе?

Әлем халықтары ұстанатын ең қызықты той дәстүрлері қандай екенін білесіз бе?

Әр елдің салты басқа демекші, әр елдің той жасауда ұстанатын өзіндік дәстүрлері бар. Қазақ халқы қыз ұзатып, беташар жасаса, басқа ұлттарда шошқаның асқазанын қалыңдықтың басына кигізетін салт бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sm.news-ке сілтеме жасап.
1. Ява аралы
Бұл елдің әкімшілігі жаңа үйленгендерге өлі егеуқұйрықтардың жиырма бес құйрығын алған жағдайда үйленуге рұқсат береді. Жануарлармен әрі қарай не істейтіні белгісіз.

2. Персия
Персияда той алдында қалыңдықтың денесіне толығымен эпиляция жасайтын дәстүр бар. Бұл салт нәзік жандыларды отбасылық өмірге дайындау үшін жасалса керек.

3. Жаңа Гвинея
Жаңа Гвинеяда қалыңдықтың басына ақ желектің орнына шошқаның асқазаны кигізілетіді.

4. Африка
Африкада ер адамдар қалыңдығына сақинамен емес, аузына салынған кішкентай таспен ұсыныс жасайды.

5. Ұлыбритания
Ұлыбританиялық қалыңдықтар жолдасының отбасының алдында өзінің қаншалықты мықты екенін көрсетуі керек. Бойжеткеннің қолына ауыр сандық беріледі. Егер қалыңдық оны көтеріп тұра алмаса, онда ол жалғыздық үшін жаралған деп есептеледі.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні қай елдің халқы Жаңа жыл мерекесін тойламайтыны жарияланған еді. Олардың қатарында Израиль, Сауд Арабиясы, Қытай, Оңтүстік Корея сынды елдер бар.
04 қаңтар 2020 ж. 1 231 0