Тәліптер Тәжікстанды айыптады

«Талибан» құрған Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Гани Барадар Тәжікстанды елдің ішкі істеріне араласқаны үшін айыптады. Ол «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында: «Әр әрекет үшін қарсылық болады», деді.
Кеше тәліптер Тәжікстан шекарасына жақын Тахар провинциясына 1000 арнайы жасақ жібергенін мәлімдеді.