Концлагерьдің 100 жастағы бұрынғы күзетшісі сот алдында

Қазіргі кезде неміс соты Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер жасаған қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 17 адамның ісімен айналысып отыр. Күдіктілердің барлығының жасы 95-тен кем емес. «Берлиннен солтүстікке қарай орналасқан Ораниенбургтегі Заксенхаузен тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерь национал-социализм кезінде ерекше жағдайға ие болған: 1936 жылы құрылысы аяқталған ол басқа лагерьлер үшін үлгі болып, кейіннен нацистік лагерьлер жүйесінің әкімшілік орталығына, сондай-ақ СС-тің оқу лагеріне айналды. Жалпы алғанда, мұнда 200 мыңнан астам адам тұтқында болған.
(Интернет желісінен алынды)