Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады.

30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы «Бибиэйбат» авицаиялық полигонында оқу-жаттығуы кезінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ экипажы мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.

Оқиға орнында Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратураның басшылық құрамы жүр. Осы жағдайға байланысты бірлескен тергеу жүріп жатыр.
30 қараша 2021 ж. 718 0