Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақ өңдеу зауытында жарылыс болды

Тамақ өңдеу зауытында жарылыс болды

Үндістанның шығысындағы Бихар штатындағы тамақ өңдеу зауытында орналасқан бу қазандығы жарылып, алты адам қаза тапты, де хабарлайды Egemen.kz.

Тағы алты адам жараланған. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы ғимараттар зақымдалған.

Оқиға орнында іздеу-құтқару топтары мен жедел жәрдем бригадалары жұмысын жалғастыруда. Қайтыс болғандар санының артуы ықтимал.

Аймақ басшылығы жарылыстың себебі әлі белгісіз екенін, оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Үндістанда қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігінен өрт пен жарылыс жиі болады.
27 желтоқсан 2021 ж. 875 0