Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде талай қызық бар...

Әлемде талай қызық бар...

Ең қымбат суреттер жайлы не білеміз?
Сан алуан құпиялары мен қойнына бүккен сырлары бар мына ғаламның қай бұрышында болмасын өнер деген үлкен ұғым бар. Үңіле түссең өзіне баурап алатын сан мыңдаған саланың ең үздіктері күні бүгінге дейін жұмыр басты пенденің кез келгенін өзіне баурап келеді. Егер сізді сол өнердің сыры мен сан алуан қыры қызықтырса, әр күн сайын өзіңізге жаңа талаптар қойып, қайталанбас шедеврлар табуыңыз мүмкін.
Мәселен, сурет өнері. Шындығында біз әлемдік өнер жауһарларына үңіле түссек, дүниедегі ең қымбат картиналар тізімін айналып өтпесіміз анық. Өз басымда оны сатып алып, төріме ілу деген мақсат болмапты. Алайда коллекционерлер ұнатқан картиналары үшін ешқашан ақшасын аяған емес. Оған пәленбай миллион долларларға бағаланған туындылар тізімі дәлел. Бір қызығы, ол суреттердің аса бір тартымдылығы немесе ерекше үйлесім тапқан ештеңесі жоқ. Бір барағанда жас баланың шимайы ма деп қаларыңыз анық. Бірақ мәселе ол суретте не салынғанына емес, ол суретті кім салғанына байланысты-ау. Ендеше біз сіздерге мемлекеттік мұражайлардың құзырындағы емес, жеке меншік иегерлерге тиесілі әлемдегі үздік картиналар тізімін ұсынып көрейік.
Әлемге «Мона лиза» немесе «Джоконда» есімімен танымал туындыны білетін боларсыз. Бәзбіреулер үшін дүниенің тұтас байлығымен теңесетін мұндай туындының тарихы мен тылсымы да тым күрделі. Қысқасы, ол жайында айтылар тарих сан алуан. 18 жыл салынған туындының авторы Леонардо да Винчи екені белгілі. Ал туындыдағы кейіпкер жайында айтылатын пікір сан түрлі. Нақтылық жоқ. Талай жыл сол суреттің жұмбағын шешуге ұмтылған жандардың өзі ақын немесе жазушы, қала берді ғалым деген атпен тарихта қалды. Бәлкім, өнер деген құдіреттің қол жетпес биіктігі де осында шығар.
Хош... Көш басында тұрған туындыға таласымыз жоқ делік. Десе де сол туындының құнымен пара-пар түсетін суреттер көрмесі де жоқ емес. Тартымдылығы немесе әлдебір ерекшелігімен емес, әрине. Саудаға түскендегі құны салыстырғанда...

Әлемдегі ең қымбат сурет рейтингі көшін 2012 жылы Катар Королі суретші Поль Сезанның салған «Карта ойнаушылар» картинасы бастапты. Оның сол кездегі құны 250 миллион АҚШ долларына бағаланған екен. «Карта ойнаушылар» – суретшінің карта ойнаушыларға арналған топтамасына кіретін 1880-1897 жылдарда жазылған ең соңғы туындысы. П.Сезан Караводжоның «Алаяқтармен карта ойнау» шығармасына тәнті болып, оған ұқсас суреттерді салды. Картиналардың алғашқы топтамасында 4 ойыншы болса, кейінгі топтамалары 2 ойыншыға дейін қысқарады. Сондай-ақ, бұл топтамаға жалғыз жан бейнеленген «Шылымқұмар» картинасы да жатады. (Поль Сезанн — "Карта ойнаушылар" (2012), $250 млн)


Мына қызыққа қараңыз. 140 млн. долларға салынған мына (Джексон Поллок — "No. 5" (1948) — $140 млн)  суреттен мен ештеңе түсінбедім.
1947 жылы Джексон Поллок сурет салудың түбегейлі жаңа әдісін ойлап табады. «Төгілген кескіндеме» деген атауға ие осы картинасы қазір әлемдегі ең қымбат суреттер қатарында. Поллок бұл суретті 1948 жылы өлшемі 1,5х2,5 м болатын фибролит парағына салған. Мұндай үлкен картиналарды жасау мүмкіндігі станоктан арылудың сөзсіз артықшылығы болып табылады. Сурет алдымен Сэмюэл Ньюхаустың меншігі болды, содан кейін Нью-Йорктегі қазіргі заманғы өнер мұражайында көрсетілді. Геффен оны мексикалық кескіндеме шедеврлерін жинаушыға рекордтық сомаға – 140 миллион долларға сатты.
Бір қарағанда жағымсыз бейнені көз алдыңа әкелетін Нидерланд суретшісі Виллема де Кунинга «Әйел III» атты картинасы құны жағынан әлемнің көптеген картиналарынан үлкен бағада саудаланған. Картина 1953 жылы жарыққа шыққан. Бұл шығармада жағындылар мен соққылар ғана пайдаланған. 2006 жылы бұл туындының құны 137, 5 млн долларды құрады. (Виллем де Кунинг —

"Әйел III" (1953) — $137.5 млн)
Де Кунинг абстрактілі экспрессионистік қозғалыстың көшбасшысы болып санала бастаған кезде, оның стилі ерекше болды, өйткені ол әйелдерді өзінің ең көп кездесетін тақырыптарының біріне айналдыру арқылы ешқашан өкілдіктерден бас тартпады. «Woman III» (1953) әйелді агрессивті және өте эротикалық ретінде бейнелеуі үшін атап өтіледі. Виллем де Кунинг оны бұрынғы әйелдердің идеалдандырылған портреттеріне жауап ретінде бейнелеген. Кейінірек бақылаушылар де Кунингтің картиналары кейде шекарадан мысогинияға өтіп кеткеніне шағымданды.

Дайындаған А.Бисенов
14 қаңтар 2022 ж. 1 077 0