Оңтүстік Кореяда жағдай ушықты

Елдегі ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) келтірген деректерге сенсек, сейсенбі күні вирус жұқтырғандар қоса есептегенде ауырғандардың қарасы 749 979-ға жеткен. Кореяда 2020 жылдың 20 қаңтарында вирус анықталғаннан бері бірінші рет бір тәулікте жұқтыру жағдайлары 8 000-нан асып отыр. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 588-ге жетті, дүйсенбі күні бұл көрсеткіш 23-ке кем болған.
Билік омикрон штамының қазіргі таралу қарқынын ескере отырып, келесі айда жұқтыру жағдайлары күніне 30 000-нан асуы мүмкін екенін ескертті.