Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Президенті «Талибан» үкіметін мойындаудың шартын жариялады

АҚШ Президенті «Талибан» үкіметін мойындаудың шартын жариялады

АҚШ президенті Джо Байден «Талибан» (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) үкіметін мойындаудың шартын атады. Шарттың мазмұны Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Джо Байден «Талибаннан» 2020 жылы Ауғанстанда тұтқынға алынған АҚШ әскери-теңіз күштерінің ардагері Марк Фрерихсті босатуды талап етті. Осыдан кейін ғана «Талибан» билігін заңдастыру туралы талқылау басталуы мүмкін екенін айтты.

«Талибан» үкіметі өзін мойындатып, заңдастыру үшін Маркты дереу босатуы керек. Оны босатпаса келіссөз жүргізілмейді», деді АҚШ Президенті.

Фрерихс 2020 жылдың ақпан айының басында Кабулда жоғалып кеткен. Ол Ауғанстанда инженер-құрылысшы болып он жыл қызмет атқарған.
31 қаңтар 2022 ж. 747 0