Еуроодақ Жапонияға сұйытылған табиғи газ жібергені үшін алғыс білдірді

У. Ляйен Жапония үкіметіне өзінің сұйытылған табиғи газ импортының бір бөлігін Еуропаға жөнелткені үшін алғыс білдірді. Бұдан бұрын Жапония билігі Еуропа нарығындағы тапшылықпен күресіп, газ бағасын төмендету үшін бірнеше танкер жіберген еді. Біраз уақыт бойы TTF биржасында газ бағасы 2021 жылғы көрсеткіштен едәуір асып тұр. Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида одақтастары мен әріптестеріне қолдау көрсету үшін Еуропаға артып қалған сұйытылған табиғи газ қорын жіберуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. ЕО мен Жапония басшылары энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істеуды жалғастырады. Сонымен қатар екі ел басшылары ЕО-ның «Жаһандық қақпа» бастамасының жүзеге асырылуын талқылады. Олар Жапония мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөнінде келісті.