Түркияның бірқатар БАҚ өкілдері Түркі академиясына келді

Атап айтқанда «Hürriyet» газетінің шолушысы Фатих Чекирге, «Habertürk» газетінің тілшісі, белгілі саясаттанушы Күршад Зорлу, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрінің баспасөз кеңесшісі Армаган Феке, «Milliyet» газетінің Анкарадағы өкілі Дидем Өзел Түмер, «Türkiye» шолушысы Мерием Айбике Синан,«Yeni Birlik» газетінің шолушысы Неше Бербер, «Türkgün» газетінің шолушысы Қадыр Йылдыз Халықаралық түркі академиясына арнайы келіп, Түркі музейін аралап көріп, ұйымның атқарып жатқан жұмыстармен танысты.


Өз кезегінде түрік журналистері Академия басшысының жылы қабылдауына ризашылығын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстары мен игі бастамаларына сәттілік тіледі.
Кездесу соңында Д. Қыдырәлі Түркі академиясына арнайы келіп, ілтипат көрсеткен меймандарға алғыс айтып, бағалы ғылыми еңбектерді сыйлады.
