Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды

Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды. Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы «Азерпост» ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді.
Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреттері бейнеленген.