Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр

Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр

Мұнайдың әлемдік бағасы Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің жаңа раунды қарсаңында айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:51-де Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 109,62 долларға (шамамен 58 000 теңге) түсті, бұл алдыңғы сессия жабылған бағадан 2,7 пайызға төмен.

Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 2,8 пайызға төмендеп, барреліне 106,23 долларға (шамамен 56 000 теңге) тең болды.

Украинадағы соғыс пен Қытайдағы коронавирусқа қатысты шектеулердің күшеюіне байланысты соңғы апталарда мұнай бағасы құбылмалы болғаны айтылды.

«Мұнай бағасы осы аптада төмендеуі мүмкін, өйткені инвесторлар Ресейге қарсы санкциялар әсерін сезіп жатыр, ал тараптар атысты тоқтату туралы келісім белгілерін көрсетті. Осы аптада АҚШ-тың Ашық нарық федерал комитеті отырысында ақша-несие саясатына назар аударылады, бұл долларды одан әрі нығайтып, тауар бағасына қысым жасауы мүмкін», деп түсіндірді CMC Markets талдаушысы Тина Тен.

АҚШ Ашық нарық федерал комитеті (FOMC) 15-16 наурызда пайыздық мөлшерлемелерді көтеру туралы шешім қабылдауға жиналады. Федерал резервтік жүйе осы аптада мөлшерлемелерді көтере бастайды деп күтіледі, бұл мұнай бағасына қысым түсіреді, шетел валютасын ұстаушыларға тауарлар қымбаттайды.

«Ресей мен Украина арасындағы жағдай өте құбылмалы және нарық осы бағыттағы оқиғаларға өте сезімтал. Сонымен қатар, Қытайда COVID-19 жағдайларының көбеюі сұранысқа қатысты алаңдаушылық тудырады», деді ING тауарды зерттеу бөлімінің басшысы Уоррен Паттерсон.

Әлемдегі ең ірі шикі мұнайды импорттаушы және АҚШ-тан кейінгі екінші тұтынушы Қытайда COVID-19 жұқтыру жағдайларының өсуі байқалады.
14 наурыз 2022 ж. 818 0