Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Украинадан Жапонияға барған босқындарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі

Украинадан Жапонияға барған босқындарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі

Украинадан Жапонияға бас сауғалап қашқан босқындарға бұл елде жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz әділет министрі Йошихиса Фурукаваның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Фурукаваның айтуынша, оларға берілетін визаның мерзімі үш айдан бір жылға дейін ұзартылды.

Бұған дейін Жапония билігі украиналық босқындарды қабылдай бастайтынын мәлімдеді. «Жапонияда тұратын украиналықтардың туыстарын елімізге көшіру туралы шешім қабылданды, бірақ біз мұнымен шектелмейміз, осы мәселенің гуманитарлық жағын негізге ала отырып шара қабылдаймыз», – деді елдің премьер-министрі Фумио Кисида.

14 наурызда Польшаның ішкі істер және әкімшілік министрінің орынбасары Павел Шафернакер Германия билігі Польшадан украиналық босқындар толы пойыздарды жіберуді тоқтата тұруды сұрады. 
15 наурыз 2022 ж. 538 0