Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда 7,4 баллдық жер сілкінісі болды

Жапонияда 7,4 баллдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі екі миллионнан астам үй шаруашылығында электр қуатының тоқтап қалуына себеп болды, сондай-ақ теміржол байланысын бұзды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияның солтүстік-шығысындағы 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Екі адам көз жұмды, 120 дан астам адам жарақат алды.

Фукусима мен Мияги жағалауында тұратын жүздеген адамдар баспаналарға эвакуацияланды.

Сондай-ақ конструкциялардың зақымдануы мен өрттер туралы хабарламалар келіп түсті. Жер сілкінісі екі миллионнан астам үй шаруашылығында электр қуаты сөнді және теміржол байланысын бұзды.

Тохоку Синкансэн жүрдек пойызы Фукусима мен Широисидзао станциялары арасындағы жолдан шықты. Борттағы 75 жолаушы мен экипаждың үш мүшесінің ешқайсысы зардап шекпеген. Шығыс жапон теміржол компаниясы 17 вагонның 16-сы рельстен шығып кеткенін мәлімдеді.

Бұған дейін метеорологтар жер сілкінісінен кейін Жапонияда цунами қаупі туралы ескертті және тұрғындарды жағалау сызығына жақындамауға шақырды.
17 наурыз 2022 ж. 566 0