Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда жұқпалы аурудан 130-дан астам бала қайтыс болды

Ауғанстанда жұқпалы аурудан 130-дан астам бала қайтыс болды

Жыл басынан бері Ауғанстанда қызылшадан 130-дан астам бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір елде жұқпалы ауру өршіп тұр.
«Талибан» уақытша үкіметінің ресми деректері бойынша бүкіл Ауғанстан бойынша 16 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ауырып жатыр. Өткен жылғы көрсеткіш биылғыдан үш мыңға аз болған.
Сонымен қатар ауру көбінесе ұзақ уақыт тамақтанбау салдарынан, сондай-ақ вакцина алмаған балаларға әсер етуде. 




19 сәуір 2022 ж. 505 0