Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңде эпидемиологиялық қауіп аймағы ұлғайды

Бейжіңде эпидемиологиялық қауіп аймағы ұлғайды

Бейжіңде өткен тәулікте 21 адамның COVID-19 жұқтырғаны және тағы бір адамда ауру белгілері байқалмайтын коронавирус тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, ауру жұқтырған 38 үлгінің гендік реттілігі вирустың COVID-19 омикрон нұсқасы екенін көрсетті», - дейді Бейжің қалалық профилактика және ауруларды бақылау орталығы басшысының орынбасары Пан Синхо. Жаңадан тіркелген науқастар мен бұдан бұрын анықталғандар арасында эпидемиологиялық байланыс бары анықталған.
«Эпидемиологиялық талдау, гендердің реттілігі мен антиденелердің анықталуы нәтижесінде белгілі болғанындай, қазіргі уақытта Бейжіңде инфекция жұқтырудың екі тізбегі бар», - деп толықтырды ол.
Сейсенбіде Бейжің аудандарының бірі COVID-19 таралу қаупі жоғары, ал қалған жеті аудан орташа қауіптегі аймақ ретінде жіктелген.
Соңғы деректерге сәйкес, COVID-19 алдын алу және қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб Қытай астанасында 2 аймақ жоғары қауіпті және 12 аймақтың қауіптілігі орташа деп жариялады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бейжің билігі COVID-19 жұқтырудың тағы 22 жағдайы анықталғаннан кейін, эпидемияға қарсы шараларды күшейткен болатын.
27 сәуір 2022 ж. 743 0