Қытайда мамыр мерекелері кезінде санитарлық талаптар күшейеді
Бейжің билігі коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мамыр айындағы мереке күндері объектілердегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтті, деп жазады Egemen.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Санитарлық шаралар көлік нысанда, спорт және көрме кешендері, мәдениет және спорт, сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілері нысандарында, қонақүйлер, мемлекеттік ұйымдар және медициналық мекемелерде енгізілген.
Қалалық Ауруларды қадағалау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары Пан Синьхо Қытай астанасының тұрғындары мамыр мерекелері кезінде қоғамдық орындарға кіруі үшін қолдарында 48 сағаттан ерте емес тапсырылған ПТР тестісінің теріс нәтижесі және арнайы QR-код болуы тиіс екенін айтты.
5 мамырдан бастап Бейжің тұрғындары мен қонақтары қоғамдық орындарға кіру және қоғамдық көлікке мінер кезде соңғы жеті күнге жарамды ПТР сынамасын ұсынуы керек. Мамыр мерекелері кезінде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны анықталған қалалық Чаоян іскерлік ауданының тұрғындары COVID-19 вирусына жаппай тестілеудің үш кезеңінен қайта өтуі тиіс.
Қала билігінің мәліметінше, 3 мамырдан бастап Бейжіңде коронавирусқа ПТР тест тегін жүргізіледі. Мерекеден кейін студенттер мен кәсіпорын қызметкерлері жұмысқа немесе оқуға бару үшін теріс ПТР теріс нәтижесін көрсетуі талап етіледі. Соңғы тәулікте Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 54 жаңа оқиғасы тіркелді. 22 сәуірден бері Қытай астанасында 280-нен астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Ресми статистикаға сәйкес, өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10,7 мың жағдайы тіркелді.