Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті

Үрейлі апат сенбі күні түстен кейін болған. Жүк көлігінің тежегіштері істен шыққаны хабарланып отыр. Жүк көлігі сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жүргізуші Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған еді.
Қаза болғандардың арасында Қырғызстан ТЖМ-нің екі қызметкері бар. Оқиға орнында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру амалдарын жүргізуде.
Аяна Тоғанбек