Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 келген әжей өзінен 26 жас кіші ер адамға тұрмысқа шықты

100 келген әжей өзінен 26 жас кіші ер адамға тұрмысқа шықты

Жасы 100-ге келген Ұлыбритания тұрғыны Нора Уиткисс өзінен 26 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шығып, шағын үйлену тойын өткізді, деп жазадыы Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Қалыңдық 74 жастағы сүйіктісі Малкольм Йетспен 1980 жылы заманауи бал билерінің сабағына барған кезде танысқан. Олар тез тіл-табысып, сол уақыттан бері кездесе бастады. Бұрын автобус жүргізушісі болған күйеу жігіт би сабағына келгенде қалай билеу керектігін білмегенін мойындады.
«Ол маған қалай билеу керектігін үйретіп, ортаға үйренуге көмектесті. Біз бірге көп саяхатқа шығып, қыдырдық. Біздің сүйікті биіміз ха-ча-ча болды»,- дейді ер адам.
Осылайша, екеуі бір-біріне бауыр басып, отбасын құруды шешкен. Салтанатты рәсім олардың үйінің жанындағы Престенин қаласында орналасқан қонақ үйде өтті. Егде жастағы ғашықтардың үйлену тойы жарты сағатқа созылды. Үйлену тойына ерлі-зайыптылардың достары және олардың туыстары, жалпы саны 30 адам қатысты. Йетс қалыңдықты мүгедектер арбасына отырғызып музыканың сүйемелдеуімен неке қию рәсіміне алып барды.
«Қалыңдық болған қандай керемет. Бүгінгі күн осынша уақыт ұзақ күтуіме тұрарлықтай болды, керек болса тағы да күте тұратын едім. Оның мен үшін жасамаған нәрсесі жоқ. Мен онсыз өмір сүре алмас едім, ол шын мәнінде ерекше адам» – деді Уиткисс өзінің қуанышымен бөлісіп.
Жасы 100-ден асқан Уиткисс 1917 жылы дүниеге келген. Ол гольф-клубта қызметші әйел және аспазшы болып жұмыс істеген. Алғаш рет 18 жасында тұрмысқа шыққан. Алайда, бірінші күйеуі 1970 жылы қайтыс болып кетті. Осыдан кейін ол басқа адамды кездестіріп, онымен бірге 16 жыл бойы өмір сүрді. Содан кейін ол Йетспен кездесті. Британдық әжей ұзақ ғұмыр сүруінің сыры үнемі белсенді жүруінен деп санайды.
«Мен өте жақсы өмір сүрдім және күнделікті өміріме қуандым. Мен қыздармен биге барғанды жақсы көретінмін, әсіресе ер адамдардың мені биге шақырғаны қатты үнайтын»,- дейді зейнеткер.
Stan.kz
18 қазан 2018 ж. 1 907 0