Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияға ПТР- тестсіз кіруге рұқсат етілді

Түркияға ПТР- тестсіз кіруге рұқсат етілді

Түркия 1 маусымнан бастап шекара бекеттері арқылы кіретін адамдардан ПТР-тест талап етпейді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Коронавирус пандемиясына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, 1 маусымнан бастап елге шекара бекеттері арқылы кіру үшін 72 сағат бұрын тапсырылатын ПТР-тестің немесе 48 сағат бұрын антигенге тапсырылатын экспресс-тестің нәтижесі талап етілмейді», дейді елдің Ішкі істер министрлігі.

Салтанат Кенжебай

01 маусым 2022 ж. 605 0