Кипрде жер сілкінді

Апаттарға және төтенше жағдайларға қарсы күрес басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 4,6 баллдық жер сілкінісі Жерорта теңізінде Кипр аралының шығысында сағат 4:40-та тіркелген.
32,99 км тереңдіктегі жер сілкінісінің эпицентрі Солтүстік Кипрде орналасқан.
Жер сілкінісі Түркияның Хатай, Адана, Мерсин және Анталия секілді қалаларында да сезілген.