Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны өсті. Кеше инфекция жұқтырған 59 азамат тіркелген. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
«2022 жылдың 16 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 239 435 (+59) жетті», - делінген Өзбекстанның ДСМ хабарламасында.
Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (2 адам), Бұхара (1 адам), Самарқанд (2 адам), Сұрхандария (4 адам), Ферғана (1 адам), Ташкент облыстарында (4 адам) және Ташкент қаласында (45 адам) анықталған.
Сонымен қатар өткен тәулікте республиканың төрт аймағынан 37 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 549-ға жеткені айтылады.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.
17 маусым 2022 ж. 449 0