Ғалымдар миллиардер болуға қабілетті 3 шоқжұлдыз белгісін атады

Британиялық астрологтар әлемдегі ең бай 50 адамның шоқжұлдыз белгілерін талдап, көбінесе Тоқты мен Таразы белгілерінің өкілдері миллиардтаған ақша таба алады деген қорытындыға келді.
Астролог Келли Фокстың айтуынша, Тоқтының басты артықшылығы – олардың көшбасшылық қасиеттері мен бәсекеге қабілеттілігі. Дегенмен, бұл белгінің өкілдері тым импульсивті және шыдамсыз болуы мүмкін. Британия сайттарына берген түсініктемесінде сарапшы: «Бұл кемшілікті жабуға көмектесетін шешім жауапты, тұрақты, іскер серіктес тарту», – деп кеңес береді.
Таразылар, керісінше, ұстамды және үнемдеуді жақсы біледі, сонымен қатар туа біткен кәсіпкерлік қасиетке ие. Сондықтан, бай болғысы келетін Тоқты өзіне іскер серіктес ретінде Таразы белгісінің өкілін іздеуі керек. Сонда бұл әрқайсысы бір-бірінің әлсіз жақтарын жабатын тамаша тандем болады.
H&M компаниясының төрағасы Стефан Перссон

Айтпақшы, миллиардерлер арасында үшінші орында Арыстандар тұр. Олардың керемет харизмасы бар, көбіне олар байлыққа ғана емес, атақ-даңққа да ұмтылады. Алайда, олардың барлығы мақсатқа жету үшін нақты әрекеттер атқаруға қабілетті емес. Келли Фокс: «Кейбір Арыстандар бай және атақты бола алады, ал басқалары біреудің келіп, сыйлық беруін күтіп, сол туралы армандап қана өмірін өткізеді», – деп түсіндіреді. Әйгілі және бай арыстандардың қатарында тағы бір Google басшысы Сергей Брин және Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон бар.
kyzylorda-news.kz