Британдықтар елдегі қымбатшылыққа наразы

Тред-юниондар конгресі (TUC) ұйымдастырған акцияға қатысушылар инфляцияның өсуі байланысты үкіметтен жалақыны көтеруді талап етті.
Шеру Портленд-Плейде басталып, Парламент алаңында аяқталды.
Шерушілер қолдарына «Жетеді!», «Жалақыны көбейтіңіз, есепшоттарды азайтыңыз!», «Барлығы үшін қауіпсіз үй!» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шыққан.
Кейбір қатысушылар үкіметке қарсы ұрандар айтты.