Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда бір күнде 20 адамға найзағай түскен

Үндістанда бір күнде 20 адамға найзағай түскен

Өткен тәулікте Үндістанның шығысындағы Бихар штатының сегіз ауданында найзағай тиген 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бихар билігі қаза тапқандардың отбасыларына 400 мың рупий (шамамен 5 мың АҚШ доллары) көлемінде өтемақы төлейтінін хабарлады.

Айта кетсек, өткен аптада штаттың бас министрі Нитиш Кумар шенеуніктермен кездесу барысында барлық қоғамдық ғимараттарға, соның ішінде мектептер мен ауруханаларға найзағайды өзіне тартып алатын құрылғылар орнатуды тапсырған.

Болжам бойынша алдағы күндері Бихардың солтүстік аймақтарында да найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін.

Үндістанда жыл сайын муссон маусымында жай оғынан жүздеген адам қаза табады. Бұған көптеген адамның ашық аспан астында жұмыс істейтіні себеп болып отыр.
28 шілде 2022 ж. 895 0