Қырғызстанда 108 адам тамақтан уланды

Оқиға Баткен облысы Қадамжай ауданындағы «Алмаз» тойханасында болған.
Ақпаратқа сәйкес, тамақтан уланып қалған 23 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала. Өз кезегінде 85 адам амбулаторлық ем алуда, соның ішінде 1 бала бар.
«Уланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, бұрын жансақтау бөлімінде жатқан 2 баланың жағдайы жақсарып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», делінген хабарламада.