Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған

Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған

Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Онтарио провинциясында 478, Квебекте 425, Британдық Колумбияда 85, Альбертте 16, Саскачеван мен Юконда екі адам қауіпті вирусты жұқтырған.

Канаданың Ұлттық микробиологиялық зертханасының мамандары вирус жұқтыру жағдайларының саны одан әрі өзгеруі мүмкін деп мәлімдеді. Себебі бірқатар өңір тұрғынынан тестілеу бойынша әлі де маймыл шешегі вирусы анықталып жатыр.

Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі бірнеше провинция мен аумақтарға Imvamune вакцинасының 80 мыңнан астам дозасын ұсынды, сондай-ақ елдегі серіктес зертханаларға бақылау материалдары мен хаттамаларын ұсына отырып, орталықтандырылмаған тестілеуді қолдап отыр.
12 тамыз 2022 ж. 380 0