«Лукойл» компаниясы директорлар кеңесінің басшысы қайтыс болды

«Лукойл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Равиль Магановтың ауыр науқастан кейін қайтыс болғанын қайғырып хабарлаймыз. Равиль Ульфатович компанияның дамуына ғана емес, бүкіл Ресейдің мұнай-газ саласының дамуына үлес қосты», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бір күн бұрын Мәскеудегі Маршал Тимошенко көшесіндегі Орталық клиникалық аурухана ғимаратының жанынан Равиль Магановтың мәйіті табылған болатын. Топ-менеджер алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен деген болжам бар.
67 жастағы Маганов «Лукойл» компаниясында 1993 жылдан бері вице-президент болып жұмыс істеген. 2006 жылы «Лукойл» компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті болды. Ол 2020 жылдан бері директорлар кеңесін басқарды.