Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын» делінген Ақордада жарияланған Жарлық мәтінінде.Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1993).Алматы облысы – Бозымбаевтың мансабындағы Қазақстандағы үшінші өңірі, 2009 жылғы қарашадан бастап 2013 жылғы желтоқсанға дейін ол Жамбыл облысын табысты басқарды. Содан кейін әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік даму тұрғысынан күрделі Павлодар облысына әкім лауазымына ауыстырылды. Онда ол 2016 жылғы наурызға дейін жұмыс істеді.
Бозымбаевтың қызметтік мансабы:
  • «Эдем ЛТД» ЖШС экономисті (1993-1994);
  • Алматы қаласы әкімінің көмекшісі (1994-1997);
  • «Алмаз және компания» КПО экономикалық мәселелер жөніндегі директоры (1997);
  • ҚР экономика және сауда министрлігі өңірлік саясат бөлімінің бастығы (1997);
  • Жиынтық-қаржы департаментінің бастығы,
  • «Қазтрансойл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания ЖАҚ экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті (1997-1998);
  • ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі мұнай және газ департаментінің директоры (1997 1998-2000);
  • ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (03.2000-12.2000);
  • «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті (01.2001-05.2001);
  • «KEGOC» ААҚ президенті (2001-2007);
  • Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы (2003-2007);
  • «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007);
  • «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2007-2008);
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (08.2008-10.2008);
  • «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі АҚ басқарма төрағасы (2007-2008);
  • «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы (2008-2009);
  • Жамбыл облысының әкімі (2009-2013);
  • Павлодар облысының әкімі (2013-2016).
  • ҚР энергетика министрі (2016-2019);
  • 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап, Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі лауазымында 2014 жылдың тамыз айынан бастап басқарған еді.
Кaz.orda.kz
24 қараша 2021 ж. 398 0