Өзбекстан: ШЫҰ саммиті кезінде Самарқанд қаласына кіруге шектеу қойылды
14-17 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне байланысты Өзбекстан тұрғындары мен қонақтарына Самарқанд қаласына бармау ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Самарқанд облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, жоғары деңгейлі шараға байланысты Ибн Сина, Бустонсарой, Намозгох, Садриддин Айни, Регистанская, Рудаки, Усто Умар Джуракулов, Ислам Каримов, Беруний, Мирзо Улугбек, Гулобод, Мукими және Дагбитская көшелерінде, сондай-ақ Университет бульвары аумақтарында, Афросиаб, Шахи Зинда ғибадатханасы аумағында қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылады.
«14-15-16 және 17 қыркүйекте Самарқанд қаласына келуді жоспарлағандардан сапарларын басқа уақытқа ауыстыруды сұраймыз. Дәл осы күндері Самарқанд қаласына кіруге шектеу қойылады», - деп хабарлады ІІД.
Ведомство бұл күндері Самарқандқа кіретін жолдар жабылып, транзиттік вагондар үшін айналма жолдар ұйымдастырылатынын айтты. Тек жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдар мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне көшелерді айналып өтуге рұқсат етілген.