Еліміз қазақ күресінен өткен Әлем кубогінде топ жарды

«Қара теңіздің жағалауындағы бұл жарысқа әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түсті.Тартысты өткен белдесулердің қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды», – делінген ақпаратта.
Әлем кубогында үздіктер қатарынан көріне білген балуандар медальдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Жарыстың ұйымдастырушылары – «Qazaq kuresi» ассоциациясы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Румыния «Qazaq kuresi» ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі.
