Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда найзағайдан 36 адам қаза тапты

Үндістанда найзағайдан 36 адам қаза тапты

Үндістанның шығысындағы Бихар штатында найзағай түсіп, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агентігіне сілтеме жасап.

«Соңғы тәулікте Бихар штатының әртүрлі аймақтарында найзағай түсіп, жауған жаңбыр салдарынан құрбан болғандар саны 36 адамға жетті. Сондай-ақ 13 адам зардап шекті, оның сегізі бала», деп хабарлады жергілікті All India Radio порталы.

Сонымен қатар ағаштар мен электр бағандары құлап, штаттың бірнеше аймағында электр қуаты сөнген.

Үндістан радиосының хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі егістікте жұмыс істейтін фермерлер. Осы айдың басында штатта найзағай 17 адамның өмірін қиды.
21 қыркүйек 2022 ж. 423 0