Финляндия ресейлік туристер үшін шекараларын жапты

«Ресейліктердің туристік визалары жойылады. Фин визасы бар ресейліктер Одақтың басқа елдері арқылы Еуропалық одаққа кіре алмайды», деп жазады Helsingin Sanomat.
Алайда Ресей азаматтары Финляндияға отбасылық себептермен, оқуға, жұмысқа, емделуге, сондай-ақ гуманитарлық себептермен бара алады.
Айта кетсек, қыркүйек айының басында ресейліктерге Латвия, Литва, Эстония және Польшаға кіруге шектеу қойылды.